Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерке Есмаханға Павлодардағы концертте жас жігіт сөз салды

Әнші Ерке Есмахан Павлодардағы концерті кезінде қызықты оқиғаға тап болды. Өнер иесінің жанкүйері сахнаға шығып, оған көпшілік алдында сөз салған. Әртіс "иә" деп жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Аталмыш концерт кезіндегі видео Instagram желісіндегі парақшаларға бірден тарап кеткен. Онда жас жігіттің сахнаға шығып, Ерке Есмаханға сезімін білдіріп жатқанын көруге болады.

Ол сүйікті әншісіне тіпті сақинасын ұсынып, сөз салған. Өнер иесі көпшілік алдында жанкүйерінің көңілін қалдырмас үшін оған "келісемін" деген жауабын береді. Артынан жігітке бірқатар сұрақ қойып, оның жасын сұрайды. Белгілі болғандай, ол небәрі 16 жаста екен. Ерке Есмахан оның мектеп бітіруін күтетінін айтып қалжыңдайды. Желі қолданушылары бұл қызықты сәтті бірден қызу талқылап, өз пікірін жазды.

"Еркенің кінәсі не? Енді сол жерде ұрысу керек па? Дұрыс әзілге айналдырып жіберді", "Мына бала батыл екен. Көпшілік алдына шығып, осындай ұсыныс жасау деген көптің қолынан келе бермес", "Қызық болыпты. Ерке таңғалып қалған шығар", "Бақытты болсын. Әр адам бақытты болуға лайықты", "Ол жігітті ешкім қинап ұсыныс жасатқан жоқ. Өз еркімен шығып, сөз салды", - деп жазуда көпшілік. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты