Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда пәтерден өлі денелері табылған әйел мен екі баланың өліміне қатысты көршілері өз ойын айтты

Алматы қаласында 7 тамыз күні пәтерлердің бірінен әйел мен оның екі баласының денесі табылды. Олар Әуезов ауданы "Мамыр" ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде тұрған. Көршілерінің сөзінше, үш адамның мәйіті табылған күні таңертең пәтерге бөтен біреу келген, деп хабарлайды halyq-uni.kz-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"Сол пәтерге жақын тұратын көршілердің сөзінше, таңғы сегіз шамасында пәтерден әйелдің қатты айғайлаған даусы шыққан. Баласы жылаған. Сол уақытта маска таққан адам кіргені айтылып жатыр. (...) Есікті ашқан кезде әйелді пышақтап кеткенін көрген. Бірінші санына пышақ сұққан дейді. Көз жұмған әйелдің күйеуі бизнесмен екен. Жұмысындағы түсініспеушілікке байланысты да болуы мүмкін деген пікірлер бар", - дейді көршілері.

Қазіргі уақытта үш мәйіт табылған пәтердің есігі жабық тұр. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, 34 жастағы әйел мен 7 және 2 жасар баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

"Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның аясында тергеу және жедел іс-шараның барлығы жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаға байланысты видео материалдар тексеріліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр", - деді прокуратураның баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта істі Алматы прокуратурасы ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өзге ақпарат жарияланбайды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады