Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Б. Сағынтаев: биыл Алматының барлық аудандарында 260-тан астам спорт алаңы ашылады

Алматы активінде Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша сөйлеген сөзінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев спорт инфрақұрылымын дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2021 жылы бюджет қаражаты есебінен Алматыда 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды (Жетісу ауданының Айнабұлақ-2, Құлагер және Кемел шағын аудандарында). Бірінші жартыжылдықта тағы 3 нысан іске қосылады (Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында, Медеу ауданының Алатау шағын ауданында, Түрксіб ауданының Жас-Қанат шағын ауданында).

Наурызбай, Әуезов, Алмалы және Түрксіб аудандарында жергілікті бюджет есебінен 7 ДШС жобалануда, олардың құрылысы жыл соңында басталады.

Алатау ауданында 14 кортқа арналған теннис орталығының құрылысы аяқталуда (4 жабық және 10 ашық). Биылғы жылы Алатау ауданында жеңіл атлетика манежі мен Бостандық ауданындағы құзға өрмелеу орталығының жобалары әзірленеді, құрылыс жұмыстары жыл соңында басталады.

«Спорт инфрақұрылымын дамытуға жеке инвесторларды тартудамыз. 2021 жылы инвесторлар есебінен 380 орындық мінбесі бар көпфункционалды спорт залы, «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде бассейн, Жұлдыз-1 шағын ауданында гимнастика, жекпе-жек залы және бассейні бар спорт кешені, ҚазҰУ аумағында 6 корты бар теннис орталығы салынды», деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Бостандық ауданында әмбебап залы мен бассейні бар спорт кешені; Алатау үстел теннисі орталығы; Орталық демалыс саябағында қалалық велотрек салынуда.

Медеу және Бостандық аудандарындағы скейтпарк, ВМХ-парк; Әуезов ауданындағы күрес клубы жобалау сатысында.

Әкім жан басына қаржыландыру аясында 45 мың баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін спорт секцияларымен қамтамасыз ету үшін 1,7 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Сұраныс артқан кезде қаржыландыру артады.

Қалада 2400 ашық спорт алаңдары жұмыс істейді. Биыл қаланың барлық аудандарында тағы 261-і ашылады.

Бюджет және МЖӘ есебінен жаңғыртылған 42 мектеп спорт алаңына тағы 30 спорт алаңы салынады және олардың жалпы саны 72-ге жеткізіледі.

Жалпы аталған шаралар мен жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу есебінен балалардың 77%-ы спорт, мәдениет және білім беру салалары бойынша үйірмелер мен секцияларға тегін бара алады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты