Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда көшелерге полиция шақыратын «SOS» дабыл түймелері орнатылды

Ақтау қаласында адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтарда «SOS» дабыл түймелері орнатылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Аталған құрылғы – полициямен жылдам байланысуға мүмкіндік беретін ыңғайлы сервистік жүйе. «Маңғыстаулықтар бір ғана түймені басу арқылы тәртіп сақшыларының көмегіне жүгіне алады. Жедел басқару орталығының операторы қоңырау шалушыны көру арқылы оның орналасқан жерін анықтап, шұғыл әрекет ету және тиісті көмек көрсету шараларын қабылдайды»,- делінген баспасөз мәліметінде.  Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды.  

«SOS» батырмалары Ақтау қаласында 5 мекенжай бойынша орналасқан:  - теңіз жағалауындағы «Амфитеатр»;  - «Ақбота» саябағы;  - «Мәңгілік алау»;  - «Ынтымақ» алаңы;  - «Приморский «жағажайы. Сондай-ақ «SOS» дабыл түймесін қаланы нашар білетін туристер де қолдана алады. Бағдарланбаған жерлерде адасып қалған азаматтар осы батырма арқылы тәртіп сақшыларымен байланысып, көмекке жүгінсе болады.  Ал Маңғыстау облыстық Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын аса қажеттілік болмаған жағдайда батырманы себепсіз пайдаланбауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді