Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полициясына Ішкі істер министрінің орынбасары жұмыс сапарымен келді

Батыс Қазақстан облысына Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сапар аясында министрдің орынбасары “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының іске асырылу барысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жария еткен полицияның сервистік моделін енгізілу барысын тексерді.

Мұрат Баймұқашев учаскелік инспекторлардың халықпен жұмысының жаңа форматының сапасымен, сондай-ақ білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл тәртібімен танысты.

Мұрат Баймұқашев атап өткендей, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау органдарын, коммуналдық қызметтерді және жұртшылықтың кең тобының өкілдерін тарту қажет. Орал және Ақсай қалаларында жоғарыда аталған ведомстволардың қызметкерлерінен ведомствоаралық топтар құру жоспарлануда, олар құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық деректерді талдау және зерделеу негізінде ықпал ететін себептерді анықтайды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде қойылған міндеттерді шешу жолдарын ұсынады.

Жұмыс сапарының соңында министрдің орынбасары БҚО ПД басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді. Онда ол кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін жоспарланған өзгерістерді атап өтті. Сондай-ақ БҚО ПД қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді. Бұдан әрі, тексеру қорытындысы шығарылып, осы жұмыс желісін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді