Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында су құбырынан жылан шығуына қатысты тиісті мекеме пікір білдірді

Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан жылан шықты. Бұған қатысты "Бәйдібек-Су" мекемесінің мамандары түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде ауыл тұрғындарының су құбырынан жыланды алып жатқаны жайында видео тарады.

"Біздің колонкаға судың құбырымен жылан келіп тұр. Су келмей қалған соң, аштық. Сасып кеткен. Ішіп отырған суымыздың нәтижесі осы. Таңертең суды жылқы ішпей қойған" - дейді ауыл тұрғыны. Мамандар оқиға орнында болып, зерттеу жұмыстарын жүргізгенін хабарлады.

"Боралдай ауылының тұрғыны жеке ауласындағы су есептегіш құралын "Бәйдібек су" мекемесінің рұқсатынсыз және қай уақытта алып тастағаны беймәлім. Тексеру барысында және видеодан көрініп тұрғандай су есептегіш құралы болмағандықтан ашық тұрған су құбырына жылан басымен сырттан кіріп тұр. 17 шілде күні Боралдай елді мекенінің ауыз су жинайтын резервуары мен құбырларының суы толық төгіліп, бүгінде "Бәйдібек су" мекемесі тарапынан залалсыздандыру (хлорлау) жұмысы жүріп жатыр", - дейді "Бәйдібек-Су" баспасөз хатшысы Абзал Әбдіназар. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді