Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жол бойында “КамАЗ” жүк көлігі тиелген мақтасымен бірге өртеніп кетті (видео)

Түркістан облысында жол бойында “КамАЗ” жүк көлігі тиелген мақтасымен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


29 қыркүйек сағат 08:40 шамасында Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне Екпінді ауылынан өтетін Самара-Шымкент тас жолында “КамАЗ” автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.


Аталған хабарлама бойынша тез арада оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшыларының тексеру барысында анықтағаны: Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің басқаруындағы “КамАЗ” маркалы жүк көлігіне қосымша жалғанған жүк тиегішімен 12 тонна мақта артып келе жатқанында, сырттан адамдар тоқтатып, көліктен түтін шығып жатқанын айтады. Содан бірден жүрісін тоқтатқан жүргізуші көліктен түсіп қараса, жүк тиегіштегі мақтаның отқа оранып жатыр екен. Осылайша бірден өрт сөндірушілерге хабар береді. Содан соң, сол жердегі жолаушылардың көмегімен жүк көлігінің артына жалғанған жүк тиегіші ажыратып алынады.


Өрт салдарынан жүк көлігі алты тонна мақтамен толық өртеніп кеткен. Ал, қалған алты тонна мақтадағы енді басталған жалынды өрт сөндірушілермен ауыздықталды. Аталған жайт кезінде ешқандай адам шығыны орын алмады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты