Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ел азаматтары биыл кіріс пен мүлік туралы декларацияны қашанға дейін тапсыра алады

Биыл мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруы қажет. Декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі өтіп кетті. Есепті электронды форматта өткізу үшін қанша уақыт қалғанын KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz хабарлайды. 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі 2022 жылғы 15 шілдеде аяқталғанын мәлімдеді. Осы орайда комитет егер декларация қағаз түрінде тапсырылмаса, 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыруға болатынын еске салды. Декларацияны жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тапсыру қажет.

"Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастады. Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады", - деп хабардар етті Мемлекеттік кірістер комитеті. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады