Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау тәртібі өзгереді

«Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы тиімділігін бағалау тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

«Ашық НҚА» порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын реттеуге қатысты нормаларға өзгерту енгізу ұсынылған. Құжаттың толық атауы – «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлық жобасы.

Құжат жобасымен бірге ұсынылып отырған өзгерістер мен қолданыстағы нормалардың салыстырмалы кестесі берілген. Сол кестеге сүйенсек, қолданыстағы Жарлықтың 33-тармағына мынадай өзгеріс енгізу ұсынылып отыр: Қазіргі таңда «Б» корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалаудың 4 деңгейлі шәкілі (шкала – ред.) белгіленген – «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық», «тиімді», «өте жақсы». Ұсынылған бағалау шәкілінде аталған 4 деңгейдің мазмұны нақтылана түспек.

Нақтырақ айтсақ, «Лауазымдық міндеттерін тиімді атқарады», «Лауазымдық міндеттерін тиісті түрде атқарады», «Лауазымдық міндеттерін қанағаттанарлық деңгейде атқарады», «Лауазымдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз деңгейде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға) деген бағалау деңгейлері енгізілмек. Қолданыстағы Жарлықтың 35-тармағында «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізілетіні айтылған.

Ұсынылып отырған тәртіп бойынша бұл тармақ алынып тасталмақ, яғни «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізілмеуі мүмкін. Қазіргі таңда тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік саяси қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынуы мүмкін. Ұсынылатын жобада бұл тәртіпке қосымша талап енгізілмекші, яғни мемлекеттік саяси қызметшілерге орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жазалар қолданылған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша оларды мерзімінен бұрын алып тастау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша жүргізіледі.

Сондай-ақ, жаңа құжат аясында мемлекеттік қызметшілердің ротациялау мерзімі мен ротацияға жататын қызметшілердің санаттарын кеңейту көзделіп отыр. Жарлық жобасының толық мәтінін мына жерден оқуға болады. Құжат 22 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді