Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарақалпақстанда қалып қойған ел азаматтары үшін жедел штаб құрылды

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты елден шыға алмай қалған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.

"Қарақалпақстанда жүрген Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
 
Ведомство байланысу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болатынын мәлім етті: +9989 61 224-82-06, +99899 385-86-44. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Одан бөлек келесі мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А. Штаб Қарақалпақстан ІІМ-нің көші-қон және азаматтықты рәсімдеу басқармасының үшінші қабатында орналасқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарақалпақстандағы тәртіпсіздік салдарынан 50-ге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасында тұрып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі тәртіпсіздіктердің жоспарланғанын және оны шетелдік күштер жылдар бойы дайындап келгенін мәлімдеген еді.

Соңы тәртіпсіздікке ұлсқан шерулер көрші елдің жаңа конституциясында Қарақалпақстанның мәртебесін өзгертуді ұсынғаннан кейін басталған болатын. Соның салдарынан Нүкісте 18 адам қаза тапқаны айтылды. Осы оқиғалардан кейін ел парламенті конституцияға енгізілетін өзгертулерде Қарақалпақстанның егемендігі сақталатыны белгілі болды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі