Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша адам көз жұмды

Өзбекстанның Бас прокуратурасы мен Ұлттық гвардиясы Қарақалпақстан астанасы Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде 18 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.КZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Басылымның мәліметінше, 1-2 шілдеде Нүкісте өткен шеру кезінде 243 адам түрлі жарақат алған, оның 38-і құқық қорғау органдарының қызметкері. Бүгінде зардап шеккен 149 адам үйіне жіберілген, қалған 94 азамат ауруханада жатыр. Өзбекстан Ұлттық гвардиясы баспасөз қызметінің жетекшісі Даврон Жуманазаровтың сөзінше, 1-2 шілде күні 516 адам ұсталған. Ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, олардың кейбірі әкімшілік жазаға тартылды.

"3 шілдеден 4 шілдеге қараған түні көшеде мақсатсыз жүрген 110 адам (21:00-ден 07:00-ге дейін) коменданттық сағат талаптарын бұзғаны үшін ұсталды. 12 көлік құралы айып тұрағына қойылды", - делінген Өзбекстан Ұлттық гвардиясының мәлімдемесінде.
 
Айта кетейік, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте бірнеше күн бұрын Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге қарсы болғандар наразылыққа шыққан еді. 1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген. Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген болатын. Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды. Одан бөлек Өзбекстан президенті Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимін енгізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты