Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлан Албанның үйінде өрт шықты

Отандық танымал әнші Нұрлан Албанның отбасында жайсыз жағдай орын алды. Өнер иесінің бұрыннан бері жинап жүрген музыкалық аспаптар коллекциясы мен студиясындағы құрал-жабдықтары өртеніп кетті. Әртістің ауласындағы жазғы үйден өрт шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Нұрлан Албан бұл туралы Instagram парақшасында бөлісіп, оқиға орнынан видео жариялады. Онда өртеніп күлі ғана қалған аспаптарды көруге болады.

"Бабаларымыз су мен от тілсіз жау деген. Қазіргі менің жағдайым осындай. Өнерде жүріп тірнектеп жинаған бүкіл аспаптарым, музыкалық құрылғыларым, жабдықтарым осылай өртеніп кетті. Құрметті бауырлар, қазір күн өте ыстық. Өрттен абай болыңыздар! Дүниеге ішім ашып тұрған жоқ. Ең бастысы, бала-шағам, туған-туыстарым, бауырларым, ел-жұртым аман болса болды. Жалпы қауіп-қатердің қайдан келетінін білмейміз ғой. Осыдан бір-екі жыл бұрын студиямды жапқан кезде сол студияма ән әлеміне байланысты тірнектеп жинаған музыкалық құрылғыларым осы жазғы үйде болған. Өрт шықты. Міне, түгі қалған жоқ. Бас аман болсын. Қалғаны маңызды емес", - деді әртіс. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады