Мемлекеттік рәміздерге экологтар назар аударған. Олардың сөзінше, екі елтаңба саяжайлар мен санитарлық аймақтың шекарасы арасында жатқан. Ақпаратты тексеру үшін Павлодар қаласының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен ішкі саясат бөлімі оқиға орнына барған.
Қоқыс алюминий зауытынан он шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Қазір тәртіп сақшылары мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаған құқықбұзушыны іздеумен айналысуда.
"Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы ретте басылым аталған бап бойынша 2 мың АЕК дейін айыппұл төлеу немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.
Мемлекеттік рәміздерді қалай ауыстыруға немесе жоюға болатыны туралы арнайы ережелер белгіленген.