Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан екеу ұсталды

Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан екеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген күдікпен топтағы адамдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

– Жоғарыда аталған адамдар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын Павлодар қаласының бір ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған сызба бойынша, соның ішінде тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты “ешқайда шықпау туралы” қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты