Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында көпбалалы аналар киелі жерлерге зиярат етіп қайтты


Түркістан облысында 100 көпбалалы ана «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында киелі жерлерге зиярат етіп қайтты. Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен өткен саяхат барысында нәзікжандылар қасиетті «Домалақ ана», «Арыстанбаб» және рухани астанамыз Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аналарды жолға шығарып салу рәсімінде аудан әкімі Бауыржан Омарбеков пен аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров оларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сәт сапар тіледі. Отбасының күнделікті шаруасы мен бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқарып жүрген әйелдер қауымы осылайша саяхат жасап қайтты. Олар үшін киелі Түркістан шаһарында түскі ас ұйымдастырылып, арнайы мерекелік концерт қойылды. Сондай-ақ, «Орамал тон болмайды, жол болады» деген ұстаныммен әрқайсысына ақ жаулық тарту етілді.

Мереке қарсаңында Бәйдібек ауданында да полицейлер тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қайырымдылық жасады. Тәртіп сақшылары он ауылдық округінде тұратын 20 жанұяның үйлерінде болып, азық-түлік заттарын таратты. Полиция қызметкерлері  бұл қадамның басты себебі, ауданда тұратын тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға және олардың балаларына қуаныш сыйлау болғанын айтады. Алдағы уақытта аталған полиция бөлімі тарапынан осындай қайырымдылық іс-шаралары жалғасын таппақ. 


Сурет: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді