Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан өз тауарын Иран арқылы транзиттеуге келісті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға ресми сапары шеңберінде Қазақстан өз тауарларын осы ел арқылы транзиттеу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раисидің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінің маңызды нәтижесінің бірі — ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде Қазақстан-Иран ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою болды.

Құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев қол қойды. Меморандумға сәйкес Иран Қазақстан бидайы мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарларының еркін транзитін өз аумағы арқылы қосымша баждар мен алымдарсыз қамтамасыз етеді. Тараптар СВОП операциялары бойынша Қазақстанда өндірілген бидайды Иранға әкелуді және осындай мөлшердегі бидайды Иранның шығу шекараларынан әкетуді ынталандыратын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс тобын құру жоспарланған. ҚР ИИДМ мен Иран Ислам Республикасының Жол және қалалық даму министрлігі оңтайлы жылдамдық пен бағаны сақтай отырып, тауарлардың транзитін қамтамасыз ету үшін үшінші елдердің тиісті органдарымен байланыс орнатуға келісті. Меморандум қол қойылған күні күшіне енді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады