Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордалықтарды 1,2 млн теңгеге алдаған алаяқ қолға түсті

Қызылордалықтарды 1,2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленушілердің айтуы бойынша, таныс емес азамат мамыр-қыркүйек айлары аралығында “жүргізуші куәлігін алып беремін және жұмысқа орналастырамын” деп сендірген. Алаяққа сенген тұрғындар 1 миллион 200 мың теңге ақшасын беріп, жер сипап қалған. Арада төрт ай уақыт өтсе де берілген уәде орындалмаған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Өз кінәсін толық мойындады.

Күдікті оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушілерді арбауына түсіріп, алаяқтық жасаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады