Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы» жыл басынан бері 13 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматқа ақпараттық–консультациялық, әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасуға кеңес беру, психологиялық көмек түрлерін көрсетті.
Шымкентте өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында 2023-2027 жылдар аралығында 401,5 млрд. теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 103 жоба пулы қалыптастырылады.
Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде 35 жасқа дейінгі 16 425 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын.