Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлдағы шағынауданда полицейлер өртті сөндіруге шұғыл көмек көрсетті

Петропавлдағы шағынауданда полицейлер өртті сөндіруге шұғыл көмек көрсетті
Фото: polisia.kz

Петропавлдағы шағынауданда полицейлер өртті сөндіруге көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 наурызға қараған түні Петропавл қаласындағы Хромзавод шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің шатырында өрт шықты. Дабыл түскен сәттен бастап оқиға орнына алғашқылардың бірі болып учаскелік полиция инспекторы Қуандық Искаков пен патрульдік полиция қызметкері Антон Жежеря жетті. Өрт мұржаның жылу оқшаулағыш бөлігінде тұтанған. Үй иелері жалынды өз күштерімен сөндіруге кіріскен. Тәртіп сақшылары 5 пен 12 жас аралығындағы үш баланы қауіпсіздік мақсатында қызметтік автокөлікке шығарды. Үй ішінде төрт газ баллоны болған. Оның үшеуі бос болғанымен, қауіптің алдын алу үшін полицейлер оларды да сыртқа алып шықты. Одан кейін полиция қызметкерлері қою түтінге қарамастан шатырдағы өртті сөндіруге жәрдемдесіп, оқиға орнына келген өрт сөндіру жасағымен бірлесіп тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

Қауіп сейілген соң полицейлер түнгі қызметтерін жалғастырды. Бұл жағдай алдыңғы шепте қызмет атқаратын учаскелік және патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысының ерекшелігін айқын көрсетеді. Олар жағдайдың мән-жайы толық анықталмай тұрып-ақ қауіп аймағына бірінші болып кіреді. Мұндай сәттерде қауіп-қатерді жедел бағалай білу және өзгенің өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу шешуші рөл атқарады. Сол түні Қуандық Искаков пен Антон Жежеряның жедел әрі сауатты әрекеттерінің арқасында оқиға адам шығынынсыз аяқталды. Бұл жеке құрамның кез келген күрделі міндетті тек қағаз жүзінде емес, нақты экстремалды жағдайда да орындауға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты