Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты
Фото: primeminister.kz

Шымкентте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің және бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған Digital Qazaqstan 2026 форумының цифрлық жобалар көрмесіне қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум экспозициясы стартаптар мен IT-компаниялардың жобаларын, робототехника және ЖИ-дрондар саласындағы шешімдерді, GameDev-бағыттарды, сондай-ақ білім беру, сараптамалық және қолданбалы өзара іс-қимыл форматтары бар AI Talent Hub алаңдарын біріктірді. Мұндай тәсіл Қазақстанның бірыңғай цифрлық экожүйені дамыту бағытын көрсетеді.

Делегация басшылары мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және қалалық инфрақұрылымға арналған жасанды интеллект саласындағы әзірлемелермен танысты.

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун көпшілік назарына бірқатар инфрақұрылымдық бастаманы ұсынды, олардың ішінде 35 мемлекеттік қызметті қамтитын AlemGPT мультиагенттік платформасы және Ұлттық ЖИ платформасының жобасы бар.

Цифрлық инфрақұрылым саласында дата-орталықтар мен энергетиканы дамыту жобалары ұсынылған. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин «ДӨА алқабы» жобасының алдын ала визуализациясын таныстырды. Ол технологиялық кластерді кезең-кезеңімен дамытуды, қуаттылығы әрқайсысы 50 МВт болатын ЖИ ДӨА-ны іске қосуды және энергетикалық инфрақұрылымды кеңейтуді көздейді.

Қалалық ортаға арналған цифрлық шешімдер өз алдына бөлек таныстырылды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов ITS интеллектуалды көлік жүйесін, AIQYN мектептерінің цифрлық қауіпсіздік жүйесін және қоғамдық қауіпсіздік, экология және қалалық басқару саласында жедел әрекет ету үшін қажетті дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын көпшілік назарына ұсынды.

Адами капиталды және финтехті дамыту блогында Freedom Holding Corp компаниясының шешімдері таныстырылды. Компанияның бас атқарушы директоры Тимур Турлов Қазақстан педагогтарының ChatGPT Edu-ға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша OpenAI-мен бірлескен жобаны іске қосуды қоса алғанда, білім беру мен бизнес-процестерге жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі бастамаларды ұсынды. Сондай-ақ Freedom-ның AI-шешімдерін көрсетті, олар – операцияларды автоматтандыруға және пайдаланушылар үшін ыңғайлылықты арттыруға мүмкіндік беретін бизнес пен күнделікті сервистерге арналған SuperApp дербес дауыстық ассистенттер.

«Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов жаңа буынның интеллектуалды электр желілерін қалыптастыруға бағытталған Smart Grid шешімдерінің кешенін көрсетті. Ұсынылған архитектура генерация объектілерін, беру және тарату желілерін, энергияны сақтау жүйелерін, ақылды құрылғыларды және соңғы тұтынушыларды біртұтас цифрлық ортаға біріктіреді. Сондай-ақ, трансформаторларды бақылау жүйесі және күн генерациясын болжауға арналған жасанды интеллектіге негізделген шешімдер ұсынылған. Цифрлық қосалқы станса мен ілеспе шешімдерді енгізу техникалық шығынды 30%-ға, коммерциялық шығынды 5-10%-ға төмендетуге, ең жоғары жүктемені 10-15%-ға төмендетуге, ал ЖИ-модельдерді болжау дәлдігін 95%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық процестерге де назар аударылды. ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқа мүшесі Варос Симонян B2B форматында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) тексеру сервисі бар трансшекаралық электрондық құжат айналымын іске қосуды ұсынды, бұл құжаттардың түпнұсқалығын нақты уақытта растауға және мемлекетаралық өзара іс-қимыл кезінде әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Стартап-аллеяда сондай-ақ AI Startify Incubator, Auezov AI First, Ushqyn AI Operator, AIJan және CortexAI, AI Coventry University Kazakhstan жобалары ұсынылды. Бұл Қазақстанның университеттік әзірлемелерден бастап мемлекет, бизнес, білім беру және денсаулық сақтауға арналған қолданбалы сервистерге дейінгі өзіндік ЖИ-шешімдер экожүйесін қалыптастыру бағыты барын көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады