Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алатау қаласы ерекше мәртебеге ие болады

Алатау қаласы ерекше мәртебеге ие болады
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Парламент «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Енді Алатау дербес басқарушылық, қаржылық және институционалдық ерекше режимі бар қалаға айналмақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқару моделі қазіргі әкімшілік басқару мен стратегиялық дамуды бөлуге негізделген. Бұл үдерісте негізгі рөлді Alatau City Authority атқарады. Ол Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ Премьер-Министр төрағалық ететін Кеңеске есеп беретін мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган. Сонымен қатар мәслихат пен әкімдік қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын сақтайды.

Заң «Digital by default» («Автоматты цифрлық») қағидатын енгізуді және Алатауды жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолданатын толыққанды Smart City ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Бір блок толығымен қаланың дербес қаржылық-салықтық моделін қалыптастыруға бағытталған. Қала аумағында арнайы салық нормалары қолданылады, сондай-ақ 2050 жылға дейін немесе қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткенге дейін оның бюджетінен республикалық және өзге де бюджеттерге қаражат алуға тыйым салынады.

Инвестициялық саясатты іске асырудың негізгі құралы Алатаудың жер қоры болады. Жер учаскелері резиденттерге нақты инвестициялық жобаларға байланысты лицензиялар немесе шарттар негізінде беріледі.

Қаланы дамыту ұзақ мерзімді жоспар бойынша жүргізіледі. Ол жоспарға стратегия, 30 жылдық тұжырымдамалық жоспар және 15 жылдық қала құрылысы жоспары кіреді. 15 жылдық жоспар белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайта қаралады, яғни оны жаңартып, қажет болса түзетеді. Заң инвестицияларды қорғайды және оларға әділ әрі тең жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар қандай сот жүйесін қолданатынын өзі таңдай алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады