Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Director's cup" дебат турнирінде шымкенттік директорлар үздіктер қатарынан орын алды

Фото: pixabay.com

Еліміз бойынша мектеп басшыларының арасында өткен ІІІ республикалық «Director`s CUP» дебат турнирінде Шымкент қаласының мектеп директорларының командасы ІІ орынды иеленді.

Білім беру ұйымы басшыларының көшбасшылық қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін дамыту, өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту арқылы олардың азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген турнирге 21 команда қатысты.

Мектеп директорлары арасында өткен қазақша зияткерлік сайысында ұлттық идеологиямен бірге мәдениет, өнер, білім салалары да назардан тыс қалған жоқ. Қатысушылар жалпы қазақ қоғамындағы өзекті мәселелерді көтеріп, тың идеялар мен механизмдер ұсына білді.
Мегаполис атағын асқақтатқан «Керей мен Жәнібек» фракциясының мүшелері: №125 жалпы орта мектеп директоры Бағлан Умбетбаев Шереханұлы, №132 жалпы орта мектеп директоры Қасымхан Туреханов Алмасханұлы, №1 Талант жалпы білім беру мектебінің директоры Рахат Арғынбай Ердаулетұлы.

Сонымен қатар, жеңіс тұғырынан «QAZBILIM SHYMKENT» ұлттық лицейінің директоры Раман Байбатша Алмасұлы қатысып, алғашқы күнгі интеллектуалдық бағыттағы ойында ІІ орынды иеленді. Білім мен тәжірибе сынға түскен тартыста «Ең үздік спикер» номинациясын №1 Талант жалпы білім беру мектебінің директоры Рахат Арғынбай иеленді.

Қазіргі таңда республика аумағында тап осы сынды айтулы байқаулар көптеп ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ұстаздар да заман талабына сай, әрдайым білімдері мен біліктіліктерін арттырып саналы ұрпақ тәрбиелеуге ат салысуда. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауында айтылған білім саласын трансформациялау жөніндегі тапсырмасы жер-жерден қолдау тауып, нақты іске көші процесі басталды. Мемлекет тарапынан әр жылдары педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қыруар қаржы қарастырылуда. Сондай-ақ, олардың әрдайым білімдерін жетілдіріп отыруы үшін түрлі бағдарламалар негізінде оқыту курстары да ұдайы ұйымдастырылады. Ел болашағы білімді жастардың қолында дейтін болсақ, сол өскелең ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие беруде ұстаздар қауымының атқаратын еңбектері ұшан теңіз болмақ.

Білім ошақтары басшыларының біліктілігі сынға түскен сайыс осының айғағы болмақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді