Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Шымкенттегі Digital Qazaqstan 2026 форумына қатысты

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Шымкенттегі Digital Qazaqstan 2026 форумына қатысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі. «Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбында өткен аталған форум экономика салаларын практикалық цифрландыруға және өңірлерді бірыңғай технологиялық кеңістікке тартуға баса назар аудара отырып, Digital Almaty платформасын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Форумға ЕАЭО елдерінің үкіметтері басшылары, IT-индустрия өкілдері, халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшыларды қоса алғанда, 3 мыңнан астам делегат қатысуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның пленарлық отырысын ашқан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, институционалдық негіз қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылым және адами капитал сынды мәселелерге басымдық берілді.

«Бүгінде Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа экономикалық модельдің негізіне айналатын кезеңге қадам басты. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл саланың еліміз үшін айрықша маңыздылығын атап өтті.

Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстанда ауқымды саяси оқиғалар мен жаңарулар болып жатыр. Еліміздің азаматтары жаңа Конституцияны қабылдады және онда алғаш рет конституциялық деңгейде цифрлық құқықтар бекітілді. Бұл саланың одан әрі дамуына елеулі серпін беріп қана қоймай, мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын да көрсетеді.

Цифрлық құқықтарды ең жоғары деңгейде бекіту біз үшін цифрлық трансформация тек технологияларды дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар нақты құқықтық кепілдіктер, деректерді қорғау және сенім принциптері туралы екенін айқындайды.

Осылайша, Қазақстан цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту үшін болжамды әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыруда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексінде Қазақстан бүгінде 193 елдің ішінде 24-ші орында тұр. Сонымен қатар еліміз онлайн қызметтер сапасы бойынша әлемдік көшбасшылардың жетекші ондығына кіреді. Мемлекет басшысы Үкімет алдына 3 жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөнінде өршіл міндет қойды.

Премьер-министр халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі астрономиялық – $22 трлн асады. Бұл ЕАЭО елдері үшін сапалы экономикалық серпін жасауға бірегей мүмкіндік.

Технологиялық дамудың қазіргі кезеңі жасанды интеллектінің экономика мен қоғамдық өмірдің барлық салаларына қарқынды түрде енгізілумен сипатталады. ЖИ технологияларын экономиканың барлық секторларына енгізу үшін Қазақстанда кешенді институционалдық база қалыптастырылды. Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды, олар қауіпсіздік пен инновацияларды ынталандыру арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Цифрлық трансформацияның негізгі элементі – дамыған инфрақұрылым. Осы мақсатта әлемдік рейтингтерге кіретін өңірдегі ең ірі суперкомпьютер кластері – Alem.Cloud және Al-Farabium іске қосылды. Жетекші технологиялық компаниялармен серіктестікте тәуелсіз есептеу хабын құру жұмыстары жүруде.

Павлодар облысында қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін «ДӨО алқабы» ауқымды жобасын жүзеге асыруға назар аударылды. Ол өңірдегі деректерді сақтау мен өңдеудің ірі инфрақұрылымдық тораптарының біріне айналады және халықаралық әріптестердің заманауи цифрлық инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жобаның серіктестері үшін қолжетімді энергиясы бар дайын алаңдардан бастап жоғары технологиялық қуаттарды жалға алу мен дайын өнімдер шығаруға дейінгі ынтымақтастықтың икемді модельдері қалыптастырылды.

Сенімді цифрлық ортаны дамыту шеңберінде шет мемлекеттердің цифрлық активтерін Қазақстан аумағында орналастыра отырып, олардың толық құқықтық егемендігі мен қорғалуын сақтайтын Data Embassy — «деректердің цифрлық елшіліктері» тұжырымдамасын енгізу перспективалары атап өтілді.

Экономиканың нақты секторының тиімділігін арттыруға бағытталған индустриялық жасанды интеллектіні (Industry AI) дамытуға ерекше назар аударылды. Бүгінде кәсіпорындарда автономды техника, пилотсыз шешімдер және еңбек қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыратын өнеркәсіптік роботтар енгізіліп жатқаны атап өтілді.

2026 жылы энергетика, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы және логистиканы қоса алғанда, негізгі салалар үшін салалық датасеттерді қалыптастыру және мамандандырылған тілдік модельдерді әзірлеу жоспарлануда. Бұл үдерісті ынталандыру үшін ҚР Үкіметі өнеркәсіптік заттар интернетін және нақты уақыттағы деректерді жинау жүйелерін дамытатын компанияларды қолдау шараларын енгізуде. 

Қазақстанда цифрлық трансформацияның негізгі факторы ретінде адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мамандандырылған ЖИ-университетін құру жоспарлануда. AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында мектеп оқушыларына арналған инновациялық орталықтарды, ересек мамандарды даярлау бағдарламаларын және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуды қамтитын көп деңгейлі білім беру экожүйесі қалыптасуда. Қосымша халықаралық әріптестік бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Google for Startups ұйымымен ынтымақтастық аясында қазақстандық стартаптарды жаһандық нарықтарға шығаруға және ауқымын кеңейтуге бағытталған акселерациялық бағдарламалар жұмыс істеуде.

«Қазақстан объективті бәсекелік артықшылықтарға ие: қолжетімді электр энергиясы мен төмен сигнал кідірісі елімізді жоғары өнімді есептеу жүйелерін орналастыру үшін ең тартымды орындардың біріне айналдырады. Халықаралық компанияларды мұнда өз зерттеу хабтарын ашуға шақырамыз. Біз таланттарға, деректерге және индустриялық кейстерге қолжетімділікті ұсынамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрлық трансформация, жасанды интеллект пен әлемдік технологиялық трендтерді енгізудің негізгі бағыттары бойынша Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Министрлер Кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Республикасының Премьер-министрі Мгер Григорян, Премьер-министрдің орынбасары – Куба Республикасының сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде форум алаңында цифрлық шешімдерді өнеркәсіпке, мемлекеттік басқаруға, әлеуметтік салаға және білімге енгізу мәселелері талқыланды. Сессия қорытындысы бойынша цифрлық трансформацияны жеделдетуге, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған практикалық шешімдер мен бастамалар әзірленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады