Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да ерекше қажеттілігі бар сайлаушыларға такси мен арнайы жағдай қарастырылды

БҚО-да ерекше қажеттілігі бар сайлаушыларға такси мен арнайы жағдай қарастырылды
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруге құқылы 446 391 батысқазақстандықтың 2254-і дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар жандар. Бұл санаттағы дауыс берушілер үшін облыстық референдум комиссиясы тарапынан барынша қолайлы жағдай жасалған. Орал қаласы мен аудандарда такси қызметі ұйымдастырылып, учаскелерде арнайы орындар жабдықталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Тағдыр тауқыметімен мүгедектер арбасына таңылса да, сағы сынбаған, келешекке сенімін жоғалтпаған жандардың бірі — Гүлмира Батпақұлова. Ол «Арба» бірлестігін құрып, мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсетіп жүр. Оның айтуынша, бүгінгі референдумға елдің ертеңіне қатысты өз ұстанымын білдіру үшін келген.

— Бүгін №34 учаскеге өз дауысымды беруге келіп отырмын. Бұл жерде мүгедектігі бар жандарға өте ыңғайлы жағдай жасалған. Көзі нашар көретіндерге тактильді плиткалар мен бағыттаушы белгілер қарастырылған. Сондай-ақ қоларбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға да барлық жағдай жасалған, — дейді ол.

Облыста дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет ететін 2254 адам бар. Солар үшін бүгін тегін такси қызметі ұйымдастырылған. Жалпы өңір бойынша мүгедектігі бар жандарды тасымалдауға 78 автокөлік тартылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады