Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Әкелер одағы» цифрлық дәуірдегі әкенің рөлі жайлы талқылады

«Әкелер одағы» цифрлық дәуірдегі әкенің рөлі жайлы талқылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай әкелер институтының қоғамдағы рөлі мен отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар туралы ой білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол сөз басында республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі алғаш рет 2011 жылы бастама ретінде құрылғанын, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өткенін, содан бері ұйым заңды түрде қызметін жалғастырып келе жатқанын айтты.

«Оның Астана қалалық филиалы 2023 жылы ашылды. Бұл бастама «Халықаралық әкелер күніне» байланысты көтерілген. Маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін мереке. 2023 жылы Астана қалалық филиалы құрылып, өз жұмысын бастады. Ұйымның негізгі мақсаты – әкелердің қоғамдағы рөлін арттыру.

Сонымен қатар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ата-ананы құрметтеуге баулу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және табиғатты аялау сияқты құндылықтарды насихаттау да ұйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі», – дейді Бекдайыр Күзембай.

Сөзін жалғай отырып, «Әкелер күні» Қазақстанда Үкімет қаулысымен 2023 жылы бекітілген болатынын, биыл бұл мереке елімізде үшінші рет аталып өтетінін тілге тиек етті.

«Жалпы, елімізде «Әкелер күнін» атап өтудің басты мақсаты – балалардың ата-анасына деген құрметін арттыру, әкенің және ананың отбасындағы рөлін дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту. Өйткені отбасы – қоғамның ең маңызды институттарының бірі. Сондай-ақ биыл «Әкелер күні» қарсаңында, яғни, 17 маусым күні Астанада қалалық «Әкелер форумын» өткізуді жоспарлап отырмыз. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін форумға 300 әке қатысады деп жоспарланған. Оған қоғам және мемлекет қайраткерлері, түрлі қоғамдық ұйымдардың белсенді өкілдері, сондай-ақ Астана қаласындағы мектептер мен колледждердің әкелер кеңесінің төрағалары қатысады. Іс-шара TEDx форматында өтіп, үш негізгі тақырыпқа арналады. Олар – «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және цифрлық дәуірдегі, оның ішінде жасанды интеллект жағдайындағы заманауи әкенің рөлі. Форум аясында қатысушылар еркін пікір алмасып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен бала қауіпсіздігіне қатысты маңызды тақырыптарды талқылайды. Форумның басты мақсаты – заманауи қоғамдағы әкенің рөлін айқындап, бала қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді бірге талқылау және ортақ шешімдер ұсыну», – дейді Бекдайыр Күзембай.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
94 комментария
  • Clinton
  • 19-11-2026, 09:41
  • : 09:41
References: Payid withdrawal casino pad.deckenpfronn.info
  • Robin
  • 19-11-2026, 12:59
  • : 12:59
References: Casinos accepting payid http://forum.panabit.com/home.php?mod=space&uid=666596
  • Dewitt
  • 19-11-2026, 13:01
  • : 13:01
References: Online casino accepting payid pad.cttue.de
  • Emanuel
  • 21-11-2026, 16:23
  • : 16:23
All Australians selecting a playing platform should always review the available bonuses to improve their gaming experience. Players are drawn to games that are captivating across all aspects, from rules to graphics. In the pursuit of the best online pokies sites, following a few steps ensures an exceptional gaming experience. Complementing these are scratch cards and games that deliver instant wins in captivating, theme-based settings that strengthen the excitement. An extensive compilation of titles includes live lottery drawings every three minutes, unrestricted access to live scratch cards, bingo games, and other games around the clock. References: https://biker-mc.de/forum-2/topic/online-pokies-payid-fast-deposits-and-cashout
-rules-for-aussie-players/
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды