Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Otbasy Fest отбасылық фестивалі қалай өтті

Астанада Otbasy Fest отбасылық фестивалі қалай өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада Отбасы күні аясында Otbasy Fest атты кең ауқымды фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шара «Жетісу» саябағында өтіп, оған қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальдің басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және жақындармен бірге уақыт өткізудің игі дәстүрін қалыптастыру. Мереке концерттік бағдарлама арқылы ашылды.Сонымен қатар ұйымдастырушылар отбасылық денсаулық пен тәрбиеге арналған сарапшылардың дәрістерін, ұлттық билер мен домбыра ойыны бойынша, йога және сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Ерекше қызығушылық тудырғандар арасында «Супер әкелер іс үстінде» байқауы, отбасылық брейн-ринг пен «Кішкентай ғажайыптар шеруі» атты арбалар парады болды.

«Бұл мереке туралы бізге мектепте айтылды, қызым 4-сыныпта оқиды. Біз бірге қатысуды ұйғардық, қызым өте риза болды. Ал мен үшін ең бастысы – баланың қуанышы. Өйткені отбасы – біздің барымыз», – дейді қала тұрғыны Гауһар. 

Балаларға аквагрим жасалып, ойын алаңдары ұйымдастырылды. Отбасылық мереке жүректер бейнелеген арт-перформанспен аяқталды. Бұл көрініс махаббат пен отбасы бірлігін білдіреді.

«Демалыс күнгі мереке керемет өтті. Барлық отбасы мүшелері бірге жиналып, уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік бар. Балалар риза, ал балалар риза болса – ата-ана да бақытты», – дейді Айнұр есімді Астана тұрғыны.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Otbasy Fest елордалықтар арасында жаңа дәстүр қалыптастыруы тиіс.«Біз ең алдымен Отбасы күнін қуанышты күйде өткізуге болатынын көрсеткіміз келеді. Басты мақсатымыз – елордалық отбасылардың басын қосу дәстүрін қалыптастыру. Бұл үшін барлық жағдай жасалды. Бүгінгі күні бүкіл әулетімен – ата-әжелері, ата-аналары, балалары бірге келгендерді көріп отырмыз. Бұл бірліктің, жылылықтың ерекше атмосферасын тудырады, – деді «Senim Qogamy» ҚҚ директоры Юлия Смышляева.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады