Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады

СҚО-да полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады
Фото: polisia.kz

СҚО-да полиция мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру — мас күйде көлік жүргізген Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғынына осындай жаза тағайындалды. Полицейлер ер адамның К. Сүтюшев көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің автотұрағына Hyundai Accent автокөлігімен сенімсіз кіріп келе жатқанын байқаған. Алдымен ол кінәсін мойындамаған. Алайда медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйде болғанын көрсетті.

Тәртіп сақшылары мас күйде көлік басқаруға жол берілмейтінін ескертеді. Бұл — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 8 ай ішінде СҚО-да рейдтер мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер мас күйде көлік басқарған 776 жүргізушіні анықтады. Бұл — күніне орта есеппен 3 жүргізуші. Полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мас күйде көлік басқару фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
62 комментария
  • Richie
  • 09-11-2026, 02:47
  • : 02:47
  • Noe
  • 09-11-2026, 20:28
  • : 20:28
References: Pokies site real money pokie apps australia
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды