Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының әкімдігі Есік көліндегі бөгетті мемлекет меншігіне қайтаруда

Алматы облысының әкімдігі Есік көліндегі бөгетті мемлекет меншігіне қайтаруда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімдігі инвестордың нысанды қауіпсіз пайдалану және жаңғырту жобасын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін орындамауына байланысты Есік көліндегі бөгет бойынша «Habel» ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есік көліндегі бөгет пен оған іргелес аумағы 140 гектардан асатын стратегиялық маңызы бар гидротехникалық нысан ұзақ жылдар бойы күрделі жаңғырту мен кешенді қалпына келтіру жұмыстарын қажет етуде.Сондықтан 2024 жылдың соңында ашық тендер қорытындысы бойынша бөгет пен оған іргелес аумақ сатып алу құқығынсыз 49 жыл мерзімге «Habel» серіктестігіне сенімгерлік басқаруға берілген.

Инвестор жоба аясында бөгетке көпфакторлы зерттеу жүргізу, гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, мониторинг және қауіпсіздік жүйелерін енгізу, тазарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамытуы қажет елі.
Бірінші кезең аясындағы басты міндет нысанның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал сел жүру мен жақын маңдағы елді мекендерге төнуі мүмкін қауіп-қатерлерге байланысты тәуекелдерді төмендету болды. Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде шарт талаптарының сақталмағаны анықталды.

Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселелері мемлекеттің ерекше бақылауында. Сенімгерлік басқарушы нақты инвестициялық және пайдалану міндеттемелерін өз мойнына алғанымен, көзделген жұмыстардың едәуір бөлігі орындалмаған. Заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін дауды сотқа дейін реттеу рәсімдері жүргізіліп, кемшіліктерді жоюға уақыт берілді. Соған қарамастан, қабылданған міндеттемелердің орындалмауына байланысты шарт біржақты тәртіппен тоқтатылды.

Жоспарланған 245 миллион теңге инвестицияның алғашқы жылы іс жүзінде небәрі 11,4 миллион теңгесі ғана салынған, бұл көзделген көлемнің 5 пайызынан да аз. Сонымен қатар, жоспарланған жұмыс орындары ашылмаған.

Бұдан бөлек, 2025 жылдың қарашасына дейін дайындалуы тиіс бөгетті көпфакторлы зерттеу қорытындысы белгіленген мерзімде ұсынылмаған, сондай-ақ міндетті жылдық есеп тапсырылмаған. Жарияланған көлемде нақты қызметтің жүзеге асырылмауы бюджетке түсетін күтілген салық түсімдері мен өзге де кірістердің толық көлемде түспеуіне әсер етті.

Қазіргі уақытта нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Нысанға қатысты алдағы шешімдер қауіпсіздік талаптары мен мемлекеттік мүдделерді ескере отырып қабылданатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
68 комментариев
References: Australian pokies that accept payid mobile payid pokies australia
  • Keith
  • 29-10-2026, 16:55
  • : 16:55
References: Low deposit MiFinity casinos https://mccormick-kaya.federatedjournals.com
References: Pokies with payid deposit legit payid pokies
  • Winnie
  • 29-10-2026, 22:17
  • : 22:17
References: Instant payid withdrawal pokies australia telegra.ph
References: Casino bank transfer withdrawal australia best australian bank wire casinos
  • Poppy
  • 30-10-2026, 02:37
  • : 02:37
References: Best neosurf casino bonus aus https://a-taxi.com.ua
  • Ina
  • 01-11-2026, 02:50
  • : 02:50
The system connects to major Australian banks and moves funds quickly. PayID is our top pick for deposits into The Pokies 114 when you're banking in Australia. Common reasons for rejection include incorrect account details, insufficient funds, or your online casinos accepting bank transfer australia flagging the transaction as suspicious. Fairgo Casino explicitly states no fees on bank transfers, which is a nice touch. WowPot is another excellent network with more frequent smaller jackpots. We recommend depositing early in the week to avoid weekend slowdowns.
  • Riley
  • 01-11-2026, 08:14
  • : 08:14
Die Einzahlung per PayPal war sofort verbucht, die Spielauswahl mit 714 Slots wirklich beeindruckend – Pragmatic Play, Play‘n GO, Novomatic, alles vertreten. Ein Online Casino mit Sofortauszahlung zahlt Gewinne schnell aus – oft innerhalb von 24 Stunden, manche Anbieter sogar in unter einer Stunde. Nach einem Gewinn wochenlang auf sein Geld warten? Nein, bei allen Anbietern aus unserer Top-Auswahl entstehen für dich keine zusätzlichen Kosten bei der Einzahlung per Sofortüberweisung. References: https://blog.granitestateshooting.com/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды