№1 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы қаланың басқаруына өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылдан бастап ол «Smart Health University City» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында болды. Қаңырап бос қалған аурухана күрделі жөндеуді қажет етеді. Наурыз айында сот арқылы қаланың иелігіне қайтарылды. Әкім Ерболат Досаев нысанды аралап, алматылықтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемені дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту, жабдықтарды жаңарту және бөлімшелерді кеңейту жоспарланған.«Ауруханаға бұрынғы мәртебесін қайтару, қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, қажет болған жағдайда медициналық оңалту бөлімшесін кеңейту, азық-түлік бөлімін оңтайландыру, оттегі станциясын ретке келтіру қажет», - деді қала басшысы.Аурухана 1983 жылы құрылған, 100 орындықы нысан пульмонология бойынша бүкіл қалаға қызмет көрсете алады.