Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынына қатысты

Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынына қатысты
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы қарсаңында  Премьер-министр мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Олжас Бектенов депуттарды Президенттің 2019-2024 жылдарға аралығындағы Қазақстан халқына Жолдауы мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс спикері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов фракцияның кеңейтілген отырысын аша отырып, Президенттің әрбір Жолдауы – ел дамуының стратегиялық пайымы мен азаматтардың ең өзекті сұрақтарына жүйелі жауап екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының Жолдаулары мен Президенттің сайлауалды бағдарламасы – ең негізгі маңызды құжаттар. Олардың сапалы орындалуы қоғамның билікке деген сеніміне негіз болады. Адамдар нақты өзгерістерді «осы жерде және дәл қазір» көргісі келеді. Біздің заң шығарушылардың да, Үкіметтің де ортақ міндеті – тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындау. Сондықтан біздің әрбір саяси маусымның басында Үкіметпен "сағат тілін салыстырып алу" тәжірибесін енгізгеніміз кездейсоқ емес», — деді Ерлан Қошанов.

Сөз сөйлеу барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің Президенттің стратегиялық бастамаларын орындау мақсатында дәйекті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Жалпыұлттық жоспар шеңберінде елдің тұрақты дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылуда.

«Мемлекет басшысының саяси бағдарының арқасында ел экономикасы орнықты өсім көрсетіп келеді. Жеті айдың қорытындысына сәйкес өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Тау-кен өнеркәсібінде сирек және жерде сирек кездесетін металдарды игеру бойынша өсудің жаңа бағыттарын көріп отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдап, Парламентке енгізді. Базалық сценарий бойынша үш жыл ішінде экономиканың нақты орташа жылдық өсімі 5,3%-ды құрайды.

«Салық реформасының нәтижесінде экономиканың өсуін ынталандыратын шығындар 10,9%-дан 16,1%-ға дейін өсетінін атап өткен жөн. Соның нәтижесінде біз бизнестің дамуына инфрақұрылымдық және қаржылық тұрғыдан қолдау көрсете аламыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысы тапсырғандай, біз бюджеттің әлеуметтік бағытын сақтап, қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етеміз», — деп атап өтті Премьер-министр.

Инвестициялық саясатқа ерекше назар аударылуда. Өткен жылдың өзінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны $1,3 млрд болатын 45 жоба іске қосылды. Жалпыұлттық пулға шамамен $144 млрд-ты құрайтын 1100-ден астам жоба кіреді.

Олжас Бектенов өнеркәсіп өндірісінің артқанын, жыл басынан бері өндіріс индексі өткен жылғы көрсеткіштен 6,9%-ға асып түскенін атап өтті. Премьер-министр биыл 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрылып, өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті. Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру бойынша 17 ірі жобаны жүзеге асыру жалғасуда. Бұл бастамалар отандық шикізатты барынша пайдалануды және қосалқы өндірістерді дамытуды көздейді.

Агроөнеркәсіп кешенінде өнімділікті арттыру және экспорттық әлеуетті нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін екі есеге арттыру нәтижесінде шаруалар егіс науқанын сәтті өткізді. Бүгінгі таңда 15 өңірде егін орағы жүріп жатыр, қазірдің өзінде 6 млн тоннадан астам астық бастырылды, бұл – жалпы егін көлемінің 30%-ы. Олжас Бектенов экспорт географиясының айтарлықтай кеңейгенін атап өтті, ал жеткізілетін өнімдердің едәуір үлесі жоғары қосылған құнға ие. 

Әлеуметтік салада Үкімет азаматтарды қолдау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда. Көмектің атаулылығын арттыру үшін ресурстарды шын мәнінде  көмекке мұқтаж жандарға бағыттауға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа құрылды.

Елімізде білім беру мекемелерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орынға арналған 160 мектеп бой көтерді. Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылына сәйкес кәсіпорындардың сұраныстары бойынша оқитын студенттер саны үш есеге, ТжКБ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру  екі есеге көбейді. Бұл ретте бес жыл ішінде жатақханалардағы орын тапшылығы 61 мыңнан 17 мыңға дейін қысқарды.

Денсаулық сақтау саласында осы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 3%-ға, нәресте өлімі 22,7%-ға төмендеді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жыл 4 айға жетті.


«“Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында өңірлерде 655 медициналық нысанның 540-ы салынды. Бұл орталықтар шамамен 1 млн ауыл тұрғынын медициналық қызметтермен қамтиды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – өңірлердің дамуындағы диспропорцияларды жою екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл халықты 100% пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары аяқталатын болады. Оларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 147 млрд теңге және Арнаулы мемлекеттік қордан 160 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жұмыстар 17 қала мен 463 ауылды қамтиды.

Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі– энергетиканы дамыту. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жаңғыртудың маңызды құралына айналды. Екі жыл ішінде 12 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеуге 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл желілердің тозуын орта есеппен 6,2%-ға пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

Көлік саласында биыл 13 мың шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, теміржол саласында «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдарының құрылысы аяқталды, бұл жоба өткізу қабілетін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Цифрландыру саласында тәжірибелік пайдалануға Ұлттық жасанды интеллект платформасы енгізілді. Президенттің тапсырмасы бойынша Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер іске қосылды, ол өңірдегі ең қуатты есептеуіш жүйе болып саналады. Экономиканың барлық салаларын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. IT қызметтерінің экспорты 2021 жылы $30 млн-нан 2024 жылы $700 млн-ға дейін өсті.

Бұдан бөлек, Үкімет «Таза Қазақстан» Президенттік бастамасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қозғалыс 10 млн-нан астам азаматты біріктірді: 383 мың тоннадан астам қалдықтар жиналды, 825 мың гектар аумақ тазартылды, 2,4 млн ағаш отырғызылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нашақорлықтың салдарымен ғана емес, сондай-ақ оның себептерімен күресуге бағытталған үш жылдық кезеңге арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар әзірленуде.

Олжас Бектенов Президенттің Жолдаулары мен сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар дәйекті жүргізіліп жатқанын және ел дамуының негізгі бағыттарын қамтитынын атап өтті.

«Жалпыұлттық жоспардың барлық іс-шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда және Үкіметтің бақылауында. Біз Парламентпен тығыз ынтымақтастықта қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Біздің ортақ мақсатымыз – одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ету», – деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ отырыс барысында Премьер-министр мен Үкімет мүшелері фракция депутаттарының  ел экономикасын дамыту шаралары, бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту, халық табысын арттыру, әлеуметтік саясатты жетілдіру, өңірлердің инфрақұрылымдық дамуына қатысты нақты мәселелерді шешу және басқа да мәселелер жөніндегі сұрақтарына жауап берді. 

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс пен Үкіметтің мұндай кездесулері «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, нақты нәтиже беретінін атап өтті.

«Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмысы – тиімді мемлекеттік саясаттың негізі. Себебі біздің мақсатымыз – елдің өркендеуі, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл үшін Президенттің сайлауалды бағдарламасында және Жолдауларында көрсетілген тапсырмалар уақтылы орындалуы тиіс. Тек бірлесіп әрекет ете отырып, біз нақты нәтижелерге қол жеткіземіз», — деп сөзін түйіндеді партия төрағасы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
147 комментариев
  • Meri
  • 07-11-2026, 14:53
  • : 14:53
Die Zahlung wird auch in Echtzeit ausgeführt und Sie müssen sich ebenfalls über Ihre Online-Banking einloggen, um das Geld zu überweisen. Trustly ist eine weitere Sofortüberweisung-ähnliche Alternative. Das Casino hat ebenfalls keinen Zugriff auf diese Informationen. Wenn Sie nach einer einfachen und sicheren Möglichkeit suchen, Guthaben auf Ihr Spielkonto zu übertragen, ist ein Online Casino mit Sofortüberweisung eine hervorragende Wahl. Der Name deutet schon darauf hin, dass es sich um Banküberweisungen handelt, die in Echtzeit ausgeführt werden. Diese speziellen Transaktionsnummern unterstützen die Kunden von Internet Casinos mit Sofortüberweisung dabei, dass ihre Informationen privat bleiben und nicht in die Hände von Hackern oder Kriminellen gelangen. References: https://larryflaccamiofoundation.com/
  • Ross
  • 07-11-2026, 15:33
  • : 15:33
It’s easily one of the smartest options for online gambling in Australia right now. You pick play pokies with payid at the cashier, punch in your deposit amount, confirm everything in your online banking app, and that’s it. In many scenarios, the casino may give you free spins that you can only use on one specific pokie. But let's take a closer look at the most common options that you'll see. That’s how my rankings of PayID casinos in Australia stay real.
  • Tyree
  • 07-11-2026, 17:59
  • : 17:59
References: Neosurf deposit limits casino graph.org
  • Pauline
  • 07-11-2026, 21:54
  • : 21:54
References: Casino mit paysafecard und sofortüberweisung online casino zahlung sofort
  • Andrew
  • 07-11-2026, 22:04
  • : 22:04
References: Online casino willkommensbonus klarna casino mit paysafecard und sofortüberweisung
  • Doreen
  • 07-11-2026, 22:31
  • : 22:31
References: Neosurf casino progressive jackpot australia neosurf casino progressive jackpot australia
  • Graig
  • 08-11-2026, 00:11
  • : 00:11
References: Pokies online casino https://pad.froscon.org
  • Felix
  • 08-11-2026, 00:42
  • : 00:42
References: Pokies australia payid free credit pokies payid real money no deposit bonus
  • Imogen
  • 08-11-2026, 00:57
  • : 00:57
References: Payid withdrawal casino payid pokies
  • Letha
  • 08-11-2026, 01:06
  • : 01:06
References: Free credit pokies payid real money no deposit bonus payid pokies online australia
  • Nicki
  • 08-11-2026, 01:27
  • : 01:27
References: Free credit pokies online casino payid withdrawal australia
  • Kerri
  • 08-11-2026, 01:35
  • : 01:35
References: Top payid casinos australia pokie free spins
  • Sharyl
  • 08-11-2026, 02:07
  • : 02:07
References: Payid facebook pokies http://wargame-workshop.com/
  • Vania
  • 08-11-2026, 02:10
  • : 02:10
References: Pokies site australian real money online pokies
  • Candice
  • 08-11-2026, 18:43
  • : 18:43
References: Deposit with idebit at online casino casinos that accept idebit
  • Norman
  • 08-11-2026, 18:55
  • : 18:55
References: Latest idebit casinos neolatinswiki.site
  • Declan
  • 08-11-2026, 20:04
  • : 20:04
No brand in this comparison requires AU$50 or more to unlock the welcome offer, which keeps payid pokies real money entry accessible across a wide range of Australian bankroll sizes. If you care more about simplicity and minimum deposit accessibility, Wild Tokyo’s AU$15 entry point makes it the most bankroll-friendly option for new payid pokies real money players entering the market. A small minority of other casinos with PayID may apply their own withdrawal fees or restrict free withdrawals to a limited number per month. References: https://greeneralia.net/discussion/topic/6-ways-online-pokies-with-payid-austra
lia-real-money-could-make-you-invincible/
To help you find the best options, we’ve compiled a list of top $20 Neosurf Casinos in Australia in the table below. Opting for casinos that accept Neosurf Australia is simple and hassle-free. In this article we give you the best Neosurf deposit casinos and list which casinos that accept Neosurf deposits as low as $10 and $20. References: https://mpctoolkit.com
  • Keesha
  • 08-11-2026, 22:47
  • : 22:47
References: Idebit casino canada real money instadebit and idebit casinos
References: Neosurf real money casino australia legit neosurf casinos australia
  • Vera
  • 09-11-2026, 00:16
  • : 00:16
References: $10 deposit bonus casino neosurf australia legit neosurf casinos australia
  • Kit
  • 09-11-2026, 02:34
  • : 02:34
References: Casino bonus with idebit idebit deposit methods casino
  • Tyrone
  • 09-11-2026, 06:00
  • : 06:00
References: Best casino sites that accept paysafecard canada paysafecard accepted casinos canada
  • Lorenza
  • 09-11-2026, 07:09
  • : 07:09
Yes, there are a few caveats regarding withdrawals, but this is the lesser of two evils given the complexity of the gaming landscape for Aussie punters. In second place are Visa and MasterCard casinos; they have the edge over vouchers in terms of versatility, and many players are simply more accustomed to using them. There is another drawback to Australian online casinos accepting Neosurf that high rollers should bear in mind. Casino Neosurf only accepts deposits; to withdraw funds, you’ll need to find an alternative. Thousands of online pokies Neosurf, hundreds of live tables, dozens of crash games and arcade games – all of these become eligible for real-money betting as soon as you redeem your voucher. This payment method makes it possible to play absolutely every type of game available at gambling clubs. References: https://www.quartiersforschung.de/
  • Sondra
  • 09-11-2026, 16:00
  • : 16:00
References: Free credit pokies best online pokies australia no deposit bonus
  • Rosaura
  • 09-11-2026, 17:39
  • : 17:39
References: Casino with payid best payid casino australia
References: Schnelle auszahlung casino sofort klarna casino freispiele
  • Dewey
  • 10-11-2026, 17:35
  • : 17:35
References: Online casino sofortüberweisung auszahlung klarna casino bonus
  • Sheree
  • 11-11-2026, 02:00
  • : 02:00
References: Online spielothek sofortüberweisung casino mit klarna rechnung
  • Norma
  • 11-11-2026, 05:00
  • : 05:00
Uptown Pokies Casino AU supports a curated set of Australian-friendly options, with some methods offering lower floors than the standard A$20 welcome threshold. Choosing the right deposit rail affects both minimum entry cost and bonus eligibility. Strictly Necessary Cookie should be enabled at all times so that we can save your preferences for cookie settings. The process varies between operators, but many online casinos provide responsible-play settings within the player account. Setting clear limits before you play can help keep your spending and playing time within an amount you are comfortable with. Taking a few minutes to check these details can help you understand exactly what you are choosing before you play for real money. References: https://gb.deniztuerkmen.com/forum/topic/what-to-check-in-5-minimum-deposit-pok
ies-bpay/
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды