Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай станциясында көлік полицейлері әйелді құтқарып қалды

Қостанай станциясында көлік полицейлері әйелді құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Қостанай станциясында көлік полицейлері әйелді құтқарып қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 мамырда Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалының ғимаратында талмасы ұстап қалған әйелге шұғыл көмек көрсетіп, жоғары кәсіби даярлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сағат 09:44 шамасында вокзал кезекшісі бірінші қабатта әйел адамның есінен танып, құлап қалғанын перрондардың бірінде жүрген кезекші жедел-тергеу тобына хабарлады. Полицейлер бірден оқиға орнына жетті. Қызметкерлері күту залында ес-түссіз жатқан әйелді тауып алды. Тәртіп сақшылары бір сәт кідірместен алғашқы медициналық көмек көрсетті: жәбірленушіні бір қырына жатқызып, ауыз қуысын ашып, тыныс жолдарының ашық болуын қамтамасыз етті, осылайша тұншығудың алдын алды. Вокзал қызметкерлері жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Тексеру барысында, вокзалдың төменгі қабатында болған 40 жастағы әйелдің кенеттен есінен танып, еденге құлағандығы анықталды. Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптың алдын алуға мүмкіндік туды. Құтқару жұмысына жедел-тергеу тобының қызметкерлері, атап айтқанда, жедел-криминалистикалық топтың аға криминалисі Евгений Юдаков, Қостанай станциясы Тобыл бекетіндегі қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Нұрбол Абиров, тергеуші Ерлан Мухитденов және патрульдік полиция қызметкері Аблай Қаппазов қатысты. Полиция аға сержанты Аблай Қаппазов үшін мұндай төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсету үйреншікті іс. Мәселен, 2019 жылы ол қызмет барысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалған болатын.

— Біз академияда оқып жүргенде үйреткендей жағдайға сай әрекет еттік. Мұндай жағдайда абдырап қалмай, жедел шешім қабылдай білу өте маңызды. Сол арқылы біреудің өмірін сақтап қалға болады, — дейді полицейлер.

Бұл оқиға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіби дайындығы мен төтенше жағдайларда әрекет етуге әрдайым дайын екендіктерін және азаматтардың қауіпсіздігіне зор жауапкершілікпен қарайтындықтарын көрсетті. Көлік полицейлері өз міндеттерін адал атқарып, еліміздің әуе және темір жол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күнделікті қызметтерін жалғастыруда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
81 комментарий
  • Vicky
  • 14-11-2026, 12:16
  • : 12:16
References: Goldbet casino paypal casino online mobile paypal
References: Siti di scommesse che accettano mastercard revolut mastercard casino
  • Sara
  • 15-11-2026, 19:02
  • : 19:02
References: Baccarat live paysafecard bonus scommesse paysafecard
  • Johnny
  • 15-11-2026, 19:04
  • : 19:04
References: Blackjack live paysafecard https://topsitenet.com/
  • Rickey
  • 16-11-2026, 02:55
  • : 02:55
References: Instant payid withdrawal casino https://gitlab.rails365.net/rangemusic51
  • Harriet
  • 16-11-2026, 11:07
  • : 11:07
References: Best new payid casinos https://hedgedoc.ludos-disciplinarum-misi.fyi
  • Isidro
  • 16-11-2026, 17:28
  • : 17:28
References: Payid casinos instant withdrawal http://pandora6666.com
  • Byron
  • 16-11-2026, 23:54
  • : 23:54
References: Mejores casinos bizum 2026 http://www.bzsbs.cn
  • Dolores
  • 17-11-2026, 00:33
  • : 00:33
References: Casinos españa retiro bizum https://www.dtfz.net/?61948
  • Eunice
  • 17-11-2026, 00:36
  • : 00:36
  • Tessa
  • 17-11-2026, 01:29
  • : 01:29
References: Australian casinos that accept payid https://www.brainchips.liuyanze.com/?370825
  • Lynell
  • 17-11-2026, 06:04
  • : 06:04
References: $20 payid deposit casino australia https://www.nlvbang.com/home.php?mod=space&uid=3379941
  • Chad
  • 17-11-2026, 12:37
  • : 12:37
References: Online casinos that accept payid https://www.youtube.com
  • Denise
  • 17-11-2026, 19:59
  • : 19:59
References: Casino deposit with payid docs.monadical.com
  • Johnie
  • 18-11-2026, 00:36
  • : 00:36
References: Casinos accepting payid navacool.com
  • Marlene
  • 18-11-2026, 03:21
  • : 03:21
References: Payid casino list https://sonnik.nalench.com/
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды