Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Жер алып беремін”: Түркістан облысында танысын алдаған азамат анықталды

“Жер алып беремін”: Түркістан облысында танысын алдаған азамат анықталды
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында жер алып беремін деп танысын алдаған азамат анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы “12 соттық жер алып, заңдастырып беремін” деп сендіріп, 900 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де, не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған.   Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті ірі көлемдегі ақшаны өзінің жеке бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді