Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылда суицид жасаған сарбаздың өлімі үшін кім жазаланды

Жамбылда суицид жасаған сарбаздың өлімі үшін кім жазаланды
Фото: ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысында 2022 жылдың тамызында өз-өзіне қол жұмсаған мерзімді сарбаз Мираш Бекболдың өлімі үшін кім жазаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына  сілтеме жасап.

Брифингте Ulysmedia тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Ерік Беріков резонанстық оқиғадан кейін Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы, шекара басқармасының бастығы, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және застава бастығы өз лауазымдарынан айырылғанын айтты.

Шенеунік қызметінен қуылған азаматтардың аты-жөнін атамады. Сондай-ақ, ол бұл іс бойынша материалдар сот қарауында екенін атап өтті.

Еске салайық, 2022 жылғы 19 тамызда қатардағы жауынгер Бекбол Мираштың Шөлдала шекара заставасында асылып қалғаны мәлім болған. Оның туыстарына командирлері "жүретін қызымен ұрсысып қалған соң, өз-өзіне қол салған" деп хабарлаған. Бекбол Мираштың туыстары оны әскердегі әлімжеттіктен өлді деп есептейді.

Жыл басында  күдікті сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев "өлген шекарашы сексуал зорлық пен бопсаға ұшыраған" деп мәлімдеген еді. Сараптама нәтижесін алға тартқан адвокат сарбаздың аузы мен ішкиімінен бірнеше ер адамның биоматериалы табылғанын хабарлаған. Осыдан кейін ішкі істер министрлігі "адвокат этиканы бұзды", "шындыққа сай келмейтін тұжырым ойлап тапты" деп айыптаған.

Алайда Астана қаласының адвокаттар алқасы Сержан Пірәлиев ешқандай этикалық нормаларды бұзбағанын анықтады.

Дей тұрғанмен, Бас әскери прокуратура жыныстық зорлық дерегін жоққа шығарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады