Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында сарбаз өлімін тергеу кезінде бірнеше адам қызметінен шеттетілді

Жамбыл облысының «Шөлдала» шекара бөлімшесіндегі жауынгер өлімі фактісі бойынша ішкі тергеу жүргізіліп, бірнеше адам қызметінен шеттетілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары–Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

«Заңнамаға сәйкес, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін кез келген фактіні жариялауға болмайды. Өйткені тергеу аясында көптеген түрлі деректер қарастырылып жатыр. Оның қайсысы расталатыны тергеу кезінде анықталады», - деді Ерлан Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол тергеу амалдарын басқа ведомство жүргізіп жатқанын айтты.

«Сондықтан біз тергеу материалдарын да қарай алмаймыз. Сондықтан осы іске қатысты нақты түсінік бере алмаймын. Тергеу аяқталғаннан кейін, тиісті мәліметтерді аламыз. Бұдан бөлек, біз осы жағдайды өзіміз тексердік. Бұл ретте тәртіптік және басқа да шешімдер жасалды. Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы қызметінен шеттетілді. Аталған шекара бекеті орналасқан басқарма басшысы мен оның тәрбие жөніндегі орынбасары да қызметінен шеттетілді. Олар тергеу амалдарының аяқталуын күтіп отыр. Осыдан кейін осы лауазым иелеріне қатысты тиісті шешім шығарылады», - деді Шекара қызметінің директоры.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді