Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері құны 34 млн теңге болатын гербицид ұрлығының бетін ашты

СҚО полицейлері құны 34 млн теңге болатын гербицид ұрлығының бетін ашты
Фото: polisia.kz

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер аса ірі мөлшердегі гербицид ұрлығының бетін ашу үшін 7 елді мекенге барып қайтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тайынша ауданы ПБ кезекші бөліміне ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығы жүгінді. Ол жалпы соммасы 34 миллион теңге болатын гербицид құйылған 84 қораптың ұрланғанын айтқан. Улы химикаттар құлыпты бұзу арқылы қоймадан ұрланған.

Қылмысты ашуға СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қосылды. ҰҚҚКБ-ның аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі аудандық криминалдық полиция қызметкерімен бірлесіп, ұрланған заттардың сатылуы мүмкін орындары туралы ақпаратты тексеру үшін ауқымды жұмыс атқарды. Үш күнде олар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы 11 адамды тексерді. Нәтижесінде СҚО Тайынша ауданының 22 мен 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған гербицидтер ұсталғандардың бірінің туысының үйінен тәркіленді.

– Қазіргі уақытта күдіктілер Ақмола облысында күзетпен қамауда отыр. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ауылшауаруашылық құрылымдарының басшылары өз объектілерінің техникалық нығайтылуын арттыруы қажет. Толыққанды бейнебақылау жүйесі, мықты есіктер мен құлыптар, терезелердегі торлар, күзет пен басқа да қорғау құралдары қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғайды, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты