Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешу арқылы отандық бизнестің даму серпінін сақтау қажет — Әлихан Смайылов

Кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешу арқылы отандық бизнестің даму серпінін сақтау қажет — Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың орта бизнес өкілдерімен кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы кездесуге Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау өңірлерінің кәсіпкерлері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қазақстандық кәсіпорындардың ішкі нарыққа өңдеу өнеркәсібі өнімдерін жеткізуді $46 млрд-тан астамға арттыруға мүмкіндігі бар екенін, атап айтқанда, мұнай-газ машина жасау өнімдеріне (арматура, сорғылар, жабдықтар), құрылыс материалдарына (тұсқағаздар, қабырға жабындары, ламинат, керамика), киім-кешек, аяқкиім, тыңайтқыштарға және т. б. сұраныс жоғары екенін жеткізді. 

Кәсіпкерлерді қолдау және ынталандыру мақсатында Үкімет инфрақұрылымды дамыту, жеңілдетілген қаржы бөлу және отандық өндірушілер салықтық жеңілдіктер, субсидиялар және басқа да қолдау түрлерін ала алатын офтейк-келісімшарттар жасау бойынша шаралар қабылдайды. 

Кездесу барысында орта бизнес өкілдері өз қызметтері жайлы тоқталып, бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жалпы қуаты жылына 40 мың тоннадан астам өнім шығаратын металл бұйымдарын ыстықтай мырыштау зауытының құрылысы; сою алаңы мен тоңазытқыш қоймалары бар, етті қайта өңдеу және шұжық өнімдерін өткізетін 10 мың басқа арналған мал шаруашылығы кешенін құру; тау шаңғысы, фристайл және жасанды қармен сноуборд тебу бойынша оқу-жаттығу орталығы, сондай-ақ басқа да бірқатар нысан құрылысы бойынша жобалар таныстырылды. 

Сонымен қатар жеңілдетілген несиелендіру мен субсидиялау, мал азығын дайындау, жол құрылысы, көтерме сауда-тарату орталықтары мен көкөніс қоймаларына қатысты мәселелер талқыланды. Бұдан басқа, Алакөл және Балқаш көлінің демалыс аймақтарын дамыту барысы жан-жақты талқыланды. 

Атап айтқанда, «Alakol Kazakhstan» ЖШС директоры Елена Асылбекова туристік нысандарды тұрақты электр энергиясымен, орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, әуе қатынасын кеңейту, сондай-ақ демалыс аймақтарында байланыс пен интернет сапасын жақсарту қажеттігі туралы айтты.

Тағы бір өзекті тақырып қой шаруашылығын дамыту болды. «Eurasia Agro Semey» ЖШС басшысы Ерлан Мұқашев шикізатты өңдеуді қатар дамыта отырып, мал санын 50-100 млн басқа дейін арттыру жоғары әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, бұл Қазақстанды қошқар, қозы және қой етінің ірі экспорттаушылары қатарына қосуы мүмкін. Кәсіпкер сондай-ақ қазақы қозы мен қойдың ұлттық брендін құру идеясын айтып, тиісті бизнес-бастамаға уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы кешенді қолдау көрсетуді сұрады.

Премьер-Министр Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының орта бизнесті дамыту әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті. Жалпы соңғы үш жылда аталған өңірлерде 17 мыңнан астам жоба түрлі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. 

«Кәсіпкерліктің даму қарқыны жақсы. Экономикадағы ШОБ үлесі 36,5%-ға дейін, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 18%-ға өсті. Бизнестің нақты проблемаларын шешу арқылы бұл трендті сақтап қалу керек», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы қазіргі уақытта республикада бизнеске қойылатын артық реттеу талаптары қысқартылып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру жүргізіліп жатқанын, бұл келесі жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйелері негізінде арнайы маманның қатысуынсыз тексеру тағайындауға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл тексерулер санын азайтып, олардың тиімділігін арттырады. 

Қорытындылай келе, Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің ұсыныстарын мұқият зерделеуді және кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді пысықтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді