Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу барысы қаралды

Үкіметте Машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу барысы қаралды
Фото: primeminister.kz

Жұма, 28 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай аталған құжат бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс саланың одан әрі дамуына үлкен серпін беруге тиіс. Оны дайындау кезінде бизнестің, атап айтқанда, Қазақстан машина жасаушылар одағының ұсыныстары ескерілді.

Кешенді жоспар отандық өндірушілерді қолдауға және машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған 83 іс-шараны қамтиды. Онда жалпы жүйелік, сондай-ақ секторлар бойынша нақты шаралар (тау-кен металлургиясы, теміржол, мұнай-газ, энергетика, электр техникасы, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау, әуе кемелерін жасау) айқындалған.

Жоспардың негізгі мақсаты – машина жасау саласындағы жалпы қосылған құнның 4,5 есе, өндіріс көлемінің 2,2 есе, экспорттың 2,9 есе, еңбек өнімділігінің 1,9 есе, инвестициялардың 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету.

Құжатты талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Кешенді жоспарды келісуді және оны бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасын енгізуді жеделдетуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді