Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер тұрғындарды 4,5 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты құрықтады

Жамбылдық полицейлер тұрғындарды 4,5 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты құрықтады
Фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлер желіде қолма-қол ақша шешіп беруге уәде еткен бірнеше алаяқтық дерегіне қатысты күдікті ер адамды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментінің “CyberPol” арнайы бөлінісінің және Сарысу АПБ қызметкерлері интернет-алаяқтық саласында бірнеше қылмыстар жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адамнан құқыққа қайшы заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екі ұялы телефон тәркіленді.

Интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдыра отырып, “Жаңатас – Сауда” telegram тобы арқылы күдікті азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8% ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген.

Жәбірленушілер алаяққа қашықтан төленген шоттар бойынша QR коды арқылы онлайн төлем жіберген. Осыдан кейін алаяқ реквизиттерді пайдаланып, жеке кәсіпкердің әртүрлі шоттарынан ақша алған.

Ұсталған азамат интернеттегі алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді. Жалпы келтірілген залал көлемі 4,5 млн теңгені құрайды.

Осы деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, “102” нөмірі арқылы полицияға немесе ауданыңыздың полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді