Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды
Фото: pixabay.com

Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі құрықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.

Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты