Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көші-қон инспекторына "алғыс" ретінде 5 мың теңге берген әйел сотталған

Көші-қон инспекторына
Фото: pixabay.com

Көші-қон саласындағы қызметтер үшін ақшалай сыйақы түрінде бес мың теңге аударған әйелге 483 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының хабарлауынша, Бейнеу аудандық сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 676-бабы бойынша іс қаралды.

Сот Бейнеу ауданы ішкі істер басқармасының Көші-қон қызметі инспекторының шотына бес мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы аударғанын анықтады. Мекен-жайы бойынша әйелдің келінін уақытша есепке қою үшін қажетті құжаттарды дайындағаны үшін "алғыс" ретінде берген.

"Инспектордың шотына банк қосымшасы арқылы қаражат жіберіп, жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ құқық бұзушылық жасады. Қаулымен күдікті кінәлі деп танылып, оған 483 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді",- деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.   

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды