Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Риддерде полиция қызметкері пара аламын деп айыппұл арқалаған

Риддерде полиция қызметкері пара аламын деп айыппұл арқалаған
Фото: pixabay.com

30 жастағы ер адам полиция капитаны шенінен айырылды. Риддер қаласының полиция бөлімшесі бастығының орынбасары тіркелген қылмыстық істерді тоқтатамын деп әйел адамнан 250 000 теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызметін асыра пайдаланған ол шенінен айырылып, 7,5 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Риддер қалалық сотында пара алған полицейге қатысты сот ісі қаралды.

- Айыпталушы қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары болып қызмет еткен. Өз лауазымын асыра пайдаланған ол тіркелген қылмыстық істерді тоқтатамын деп әйел адамнан 250 000 теңге көлемінде пара алған, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен (құқық қорғау органы қызметкерінің ақша түріндегі пара алуы) кінәлі деп танылды.

30 жастағы ер адам полиция капитаны шенінен айырылып, 7 500 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады