Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Шымкент жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшылығына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр.

"Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр. Оның орынбасары мен басқарма басшысы жер телімін мемлекет қажеттілігіне алу кезінде бір топ адаммен кәсіпкерден бюджет қаражатын кедергісіз төлеу үшін алдын ала келісім бойынша 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Дәурен Ергарин.

Сот күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын бекіткені хабарланды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәлімет жарияланбайды.

"Бұл ретте Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі", - деді Дәурен Ергарин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты