Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында бұрынғы әкім 10 жылға сотталды

Алматыда Кентаудың бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа сот үкімі шықты. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл туралы Алматы қалалық соты Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушылар орындығында Кентау қаласының бұрынғы әкімінен бөлек, пара алуда делдалдық жасады деп күдіктелген тағы екі адам отырған. Сотта анықталғандай, айыпталушы өзінің лауазымын пайдаланып, ЖШС директорын қамқорлық жасағаны үшін 50 млн теңге көлемінде ақша беруге мәжбүр еткен.

Сонымен қатар заңсыз сыйақы алу үшін таныстарын тартқан, олар ақшаны алып жатқан жерінен ұсталған. Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін мойындамады. Алайда бұрынғы шенеунік пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Делдалдардың бірі 1 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі 1,5 жылға сотталды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді