Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді

Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, оның барысында инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік заттай гранттар түрінде жер телімдерін беру мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Отырыста сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мемлекеттік заттай гранттар Қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша тауарларды өндіру саласында да, қызмет көрсету саласында да берілетінін және сауда-саттық (аукциондарды) жүргізуді талап етпейтін ерекше жағдайларға жататынын айтты.

Заттай гранттарды әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен келісе отырып бөледі. 

2005 жылдан бастап 2023 жылдың маусымына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті 1438 инвестициялық келісімшартқа қол қойды, оның 216-сы бойынша заттай гранттар түрінде жер берілген және 37 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.

Осы келісімшарттар шеңберінде 2,2 трлн теңге сомасына инвестициялар тартылды, оның ішінде қызмет көрсету саласында (қойма орындары, білім беру, денсаулық сақтау, қонақ үй қызметтері, жолаушылар тасымалы саласындағы нысандардың құрылысы) 125 келісімшарт жасалды.

Премьер-Министр отырысты қорытындылай отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту мен бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Үкімет те осы бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Осыған орай, Әлихан Смайылов жауапты мемлекеттік органдарға заттай гранттар түрінде жер телімдерін берудегі құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді өзектендіруді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді