Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жас келіншек 3 баласының көзінше өз-өзіне қол салған

Алматыда жас келіншек 3 баласының көзінше өз-өзіне қол салған
Фото: pixabay.com

Алматыда қайғылы оқиға жағдай болды. 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше асылып өлді. Бұл ақпарат 2023 жылғы 20 шілдеде әлеуметтік желіде тарады. Қазір мегаполис полицейлері осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас келіншектің суицид жасағанын Алматы қаласының Жібек Әменова есімді тұрғыны жария етті.

"Бүгін менің көршім, үш баланың анасы, жас, сұлу келіншек пәтерінде балаларының көзінше асылып қалды... Үй тұрғындары мен көршілерінің айтуынша, ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған екен... Мен мұны растай алмаймын. Тергеу анықтайды", – деп жазды ол Facebook-тегі жазбасына екі видеоны қоса тіркеп.

Қалалық полиция департаменті Zakon.kz редакциясына бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") тіркелгенін хабарлады.

"Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 1994 жылы туған Б. есімді азаматша өлімінің себептері мен мән-жайды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейтінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады