Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі күдікті құрықталды

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі күдікті құрықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі күдікті құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі өткізуге қатысы бар деген күдікпен екі ер адамның ізіне түсті.

Ұстау барысында олардың бірі тәртіп сақшыларына белсенді қарсылық танытып, аэрозольді тапаншадан екі рет ауаға оқ атқан. Жедел уәкілдер қоян-қолтық ұрыс әдісімен күдіктілерді дер кезінде қарусыздандырды.

Сондай-ақ жалдамалы пәтерді тінту барысында полиция қызметкерлері шкаф ішінен әртүрлі дозаларға бөлінген 4 дана полиэтиленді пакетке салынған орамалар мен тапанша тәркіледі. Ал ұсталғандардың бірінің қалтасынан есірткіге ұқсас, ұнтақ тәріздес заттар салынған 4 полиэтиленді орама алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар есірткінің синтетикалық түріне жататыны расталып, жалпы салмағы 31 граммды құрады.

Қазіргі таңда, аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) және 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын өткізу аса ауыр қылмыстар қатарына жататынын және ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді