Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бақылауымен 2023 жылдың 19 маусымынан бастап 1 айға жоспарланған жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Оған ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды. Яғни, арнайы топпен атқарылған шара барысында 7 күн ішінде 4 факт анықталды.

Мәселен, Жетісай ауданында ауыр техникалармен жер қазып жатқан, Келес ауданы аумағында Келес өзенінен HOWO эксковатор тракторымен ауыр жүк көлігіне тас (шағал) артқан, Арыс қаласынан HOWO көлігімен заңсыз құм тасымалдаған, ал Шымкент – Яллама тас жолының бойында HOWO жүк көлігі тіркемесімен тас (шағал) жүк артып кетіп бара жатқан жерінен тұрғындар анықталып, ұсталды.

Аталған төрт жайт бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдіктің тиісті мамандарымен полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар өз жалғасын табатынын еске саламыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты