Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменов туралы: Қылмыстық жауапқа тарту қажет

Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменов туралы: Қылмыстық жауапқа тарту қажет
Фото: Динара Закиева / Facebook

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменов қатысқан төбелес бойынша Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігіне қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттігі туралы жүгіндім. Балаға қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрларда анық көрінеді», - деп жазды уәкіл Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол өз лауазымы аясында ұлттық заңнамаға бала қауіпсіздігімен байланысты өзгертулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлім етті.

«Бұл жағдайда тұлғаны Қылмыстық кодекстің 115-бабы («Қорқыту») бойынша да жауапқа тарту қажет деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу әрекетіне жауапкершілік көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгіземін. Жалпы, біз, ересектер, кез-келген жағдайда балалар туралы ойлауымыз керек», - деп жазды Динара Зәкиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді