Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР ИИДМ: Коммуналды желілердің тозуын төмендететін 3 тетік қарастырылған

ҚР ИИДМ: Коммуналды желілердің тозуын төмендететін 3 тетік қарастырылған
Фото: time.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі коммуналды желілердің тозуын төмендетіп, жаңғырту үшін қаржыландырудың 3 тетігін қолға алып, іске асырып келеді. Оған нысаналы трансферттер, бюджеттік кредит және шығындарды 50%-ға дейін субсидиялау кіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мәселен, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қолданыстағы бағдарламаға ұқсас жылу инфрақұрылымына байланысты жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу бойынша бюджет бағдарламасы ашылды. Бұл ретте 20 жылға арналған 0,01%-бен бюджеттік кредиттеу мен субсидиялау арқылы қаржыландыру жұмысы жалғастырылатынын айта кетейік.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны мәлім. Осы бағдарламаны енгізу арқылы республика аумағындағы электр, жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын шамамен 20%-ға төмендету жоспарланған. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, апатты іркілістің санын азайтуға септігін тигізеді.

Бұдан бөлек аталған тетік коммуналды салаға қосымша инвестициялар тартуға жол ашып, ескірген желілер мен жабдықтарды жаңғыртуға жағымды әсер беруге тиіс. Қолға алынған жаңа тариф саясаты бюджет қарызын өтеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бюджеттен қосымша кредиттер беруге қолғабыс етпек.

Еске сала кетейік, 2015-2022 жылдарға бюджеттен қарастырылатын кредит пен субсидиялау арқылы жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға шамамен 295 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ 3,5 мың шақырымнан астам желі салынып, жаңғыртылады.

Қазір Қазақстанда шамамен 128 мың шақырымдай жылу, сумен жабдықтау және су бұру желісі бар. Олардың орташа тозуы – 51%. Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Орташа тозу көрсеткіші – 54%.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты