16 маусымдағы 14: 00-дегі жағдай бойынша таудан табылған екі оқушы жасөспірімді құтқарушылар таудан түсірді. Жасөспірімдерді таудан түсіру бойынша құтқару операциясы 5 сағаттан астам уақытқа созылды, құтқару жұмыстары жартасты жерлермен, биік таулы және тік беткейлермен қиындады.
Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару операциясы жүргізілді.
Бүгін сағат 11: 48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен түсіріліп, медициналық жедел жәрдемнің қызметкерлеріне тапсырылды, жай-күйі қанағаттанарлық, дене жарақаттары жоқ.
Сағат 12:50-де екінші жасөспірімді арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, оны 50 метр биіктікке көтерді, әрі жаяу жолмен бір жарым сағат бойы түсіруде.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 33 адам және 11 бірлік техника құрамында күштер мен құралдар жұмылдырылды, бұл Шымкент қ. ТЖД Жедел-құтқару жасағы (7 қызметкер және 2 бірлік техника), Түркістан облысының ТЖД (10 қызметкер мен 3 бірлік техника) жедел медициналық жәрдем бригадасы (5 қызметкер мен 1 бірлік техника), полиция бөлімі (11 адам және 5 бірлік
техника).
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 15 маусымда Түркістан облысы Төлеби ауданының Бургулюк ауылынан 5 шақырым жерде «Бургулюк» демалыс аймағындағы тауларда 3 оқушы адасып кетті. 16 маусым күні сағат 00:58-де. Шымкент қ. ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы жардан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тапты және полицияға тапсырды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды тауға барар алдында қауіпсіздік ережелерімен танысу қажеттігін ескертеді.
Тауда белгіленген бағыт туралы туысқандарды, құтқарушыларды ескерту қажет және жолсеріктердің телефондары байланыс телефондарының нөмірлері бар деректерді қалдыруға қажет.
Құтқарушылар сіздердің қайда бара жатқандарыңыз туралы толық ақпарат алуы тиіс. «Тауға барды» немесе «тауға көтерілді» деген жағдайлар көп кездеседі, тау бағыттары мен шыңдары өте көп болады, ал нақты деректер іздестіру-құтқару жұмыстарын жеңілдетеді.
Белгіленген бағытты өзгертпеңіз. Маршрут өзгерген кезде жоғалғандардың туыстары құтқарушыларға қате ақпарат береді және сізді басқа аумақта іздестіреді.
Рюкзакқа жаңбырдан қорғайтын жеңіл күртеше мен жамылғы, күннен қорғайтын көзілдірік алуды ұмытпаңыз. Өзіңізбен бірге термоспен шай, сіріңке, шам, жылу оқшаулағыш кілем, шағын дәрі қобдишасын міндетті түрде алу қажет.
Тауға арналған ең дұрыс киім - желден қорғайтын күрте, ыңғайлы аяқ киім – треккинг бәтіңке, күннен қорғайтын панама, ұзын жеңді көйлек және спорттық шалбар кигені дұрыс. Киім жарқын болуы керек.
Егер сіз адасып қалсаңыз, еш жағдайда соқпақтан шығуға болмайды, себебі сіз жолдан адасып, алысқа кетіп қалу қаупіңіз бар.
Құтқарушыларды шақыру қажет. Егер белгіленген бағыт күрделі әрі ұзақ болса, артқа оралыңыз. Өз күшіңізді асыра бағаламаңыз, түнде тауларда соқпақсыз жүруді болдырмаңыз. Маршрутты қысқартуда жарақат алу немесе жоғалу қаупі бар. Құтқарушылар сізді қай жерден іздеу қажеттігін білмейтін болады.